«АРДАҚТЫ  ҰСТАЗ – АЯУЛЫ ӘКЕ»

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.

.png
Ыбышев Қияқ Бейсембайұлы

Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Әке жақсылығы, қырық жыл азық болады  » деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — әке жолымен жүру. Ардақты ұстаз – аяулы әкем жайлы айтқым келіп отыр.. Сондықтан қолыма қалам алып, әкемнің өнегелі өмірі жөнінде көпшілікке жеткізгенше асыққаным да рас. 1932 жылы 23 ақпанда  Қостанай обылысы, Амангелді  ауданы, Коммунизм  жолы «8 март» колхозында  ұстаз, асқар  таудай  аяулы  нағашы  атам Ыбышев Қияқ Бейсенбайұлы  дүниеге  келген.1938-1939 оқу жылында Жасбуын сегізжылдық  мектебінің 1 – сыныбына барды.Анамның айтуына қарағанда 1946-1950 жылдыры Амангелді орта мектебін бітіріп,Қарағанды педагогикалық институтына  оқуға түсіп,1953 жылдары аяқтады.1955 жылы  Арқалық  сегіз жылдық  мектебіне мұғалім болып келді.1955-1960 жылдары Жасбуын сегіз жылдық  мектебінде  ұстаздық қызымет атқарды.Жалпы адам бойына тектілік қасиет оның ата-анасынан жұғады деседі. Бұның растығына ешқандай шүбә келтірмеймін. Өйткені, әңгімемізге өзек болып отырған қазыналы  әкемнің  Бейсембай атамыз да бұрындары ауылдың ақылшы, тапқыр талай жастардың үлкен өмірден өз орындарын табуына тікелей ықпал еткен. Осы киелі шаңырақтың бақытын тасытып, ырыс-берекесін келтірген аяулы анашым Нағима дархан мінезді, ұлтымызға тән бүкіл игі қасиеттердің бәрін де тал бойына сіңірген, жылы жүзді, жомарт жүректі жан-ды. Үйдегі өздерінің ғұмырын жалғастырар балаларының тәлім-тәрбиесіне жете көңіл бөліп, әкемнің  алаңсыз жұмыс істеуіне үнемі жағдай жасап отырған. Аяулы әкемнің келесі жоғарғы оқу орнын 1961жылы Н.В.Гоголь  атындағы Қызылорда  педагогикалық институтын  аяқтап,В.И.Ленин атындағы мектеп- интернатқа  оқу ісінің  меңгерушісі  болып  қызметке орналасқан.1958 жылы партия қатарына өтті.(КПСС). 1963-1967  жылдары Байғабыл орта мектебінде  директор  болып қызмет етті.1967-1978 жылдары Жаңа ауыл орта мектебінде оқу ісінің  меңгерушісі  қызметін атқарды.Ал,1978-1981 оқу жылында Б.Майлин  атындағы орта мектепте директор,1981-1987 оқу жылдары Жасбуын орта мектебінде мектеп директоры болды. Аяулы әкемнің  қызметтерді де абыроймен атқарған. Әкемнің білім саласында атқарған көптеген еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің үздігі» атағын алған.Аудан бойынша «Ұстаздардың ұстазы» белгісін  алған алғаш  азамат.Мәскеу  қаласындағы  мұғалімдер съезіне делегат  болып барған. «Ленин» ордені және «Тың және тыңайған жерлерді игеруге үлес қосқаны  үшін» медалі мен басқа да марапаттарды иеленген. Бұл қызметтерге шын мәнінде білімі мен білігін арнаған. Мұғалім  болып жүрген кездері ауылдағы барлық мәдени шаралардың ұйымдастырушысы да өзі болған. Бәрі де елімізде, облыста және ауданда болып жатқан тың жаңалықтарды ең алдымен осы кісіден біледі  екен. Жанындағы дарынды жігіттер мен қыздарға үлгі көрсетіп, олардың да бойларындағы жасырын жатқан қабілеттерінің жан-жақты ашылуына ұйтқы болған. Қазақ «Бұлақ көрсең көзін аш» деп босқа айтпайды. Әкемнің ағалық қамқорлығы және өнерге, спортқа деген шексіз құштарлығының арқасында талай бозбалалар мен бойжеткендер өмірден өз орындарын тапқан. Аяулы әкемнің  тағы бір басқалардан дараланып тұратын қасиеттері -еңбекқорлығы, қарапайымдылығы және ешкімді бөліп-жармайтын адамгершілігі мол жан болғандығы. Сондықтан атамның маңына үлкен- кіші  жиылып, ақыл-кеңес сұрап жатады екен.Анамның   айтуынша: ауылға  бір топ  цыгандар келеді. Ауылдың адамдары олардан қорқып, есіктерін жауып алады,бірақ  атам, оларды аяп, үйге  шақырып, анасына тастап, әжем екеуі  қалаға кетіп қалады. Мен әкемнен неге үйге бөтен, танымайтын  адамдарды қондырдыңыз десе. Әкем  былай жауап  қайтарды: «Бәріміз бір Отанда  тұрған соң тату  – тәтті өмір сүруіміз қажет, адамнан адамның айырмашылығы жоқ»  деп  жауап берген екен.   Өмірде түрлі жағдайлар кездеседі ғой, сондай  кездері атамның алдына өтінішпен келген кісілердің меселін қайтармай, әрқашан да жылы сөздерімен мерейлерін өсіріп отырған.Тіршілікте ештеңе де жеңілдікпен келмейді. Оның ауыртпалығы да, қуанышы да аз емес. Сондай кездері төзімділік танытсаң ғана өзіңнің көздеген мақсатыңа жетесің деп,  ұл мен қыз тәрбиелеген кісі. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасайды. Аяулы әкемнің  бар арманы мен мақсаты халыққа қалтқысыз қызмет етуімен қатар, өзінің көзі болып табылатын ұрпақтарын жеткізу болған. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана десек, отбасылық тәрбиені анам екеуі бірлесіп атқарған. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер жанұяда балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Досқа сыйлы, елге  құрметтті болған  аяулы әкемнің  ұстаздық  жолын ұрпағы жалғастыруда. Үлкен қызы Алма Қияққызы тарих пәнінің мұғалімі және сегіз жыл бойы мектеп директор қызметін атқарған. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әлия Қияққызы өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші рөл атқарып жүрген ұстаздардың бірі. Ортаншы қызы Ғалия Қияққызы  жас өспірімдерді тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген  ұстаздың бірі.Кенже қызы яғни мен Эльмира Қияққызы  қазіргі  таңда №28 Құсмұрын орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін. Менің алға қойған  мақсатым  «Бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу»  Осындай  мақсатпен кенже ұлы Қанат Қияққұлы  Қостанай  қаласындағы  Затобол кентіндегі Н.Наушабаев атындағы мектебінде  дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Сондай –ақ  атамның  келіндері, алты немересі, бір  немере  келіні  әке жолын  жалғастыруда. Баланың жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты. Әкемнің балаларына  берген тәрбиесін, анам бізге үнемі айтып отырады. Аяулы әкем    ешқашанда  балаға қатты сөйлемеген кісі. Бірақ  әкемнің  көз қарасынан не айтқысы келіп тұрғанын, балалары түсінетін болған. Әкем  айтады, балаға ұрысып,ұрып ештеңе істете алмайсың, ақылмен немесе істеген жаман қылығын, қалжынға айналдырып түсіндірсең ол бала  жамандықты жасамайды. Мысалы:  мен әдебиет сабағынан тақпақты  жаттамай барғам, сонда әкем сабақ  үстінде, оқушыларға  былай деді. « Балалар білесіңдер ме, шайтандар қайда кетті десем, Эльмираның  телевизорына кіріп кетіпті» –  деп күлетін. Сондағысы мен кешке шейін, телевизордан  концерт көреді дегені екен. Әр ұстаздың    бала тәрбиелеу кезінде  өздерінің әдістері бар. Аяулы әкемнің  әдісі  қалжыңды араластыра отырып, баланың  кемшілігін түсіндірген. Қазіргі  кезде оқушыларымыздың  мінез – құлқының  аумалы – төкпелі кезінде, әкемнің  осы  әдісін қолданған  жөн  болар деймін. Қазіргі  заманда  балаларға  ауыр сөздер айтып, тәрбелей алмаймыз. Баланың жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты.Бала тәрбиесі кезінде ата-ана ең алдымен қателіктерін түзеп,балаға түсіністікпен қарап,зекіп дауыс көтеру, қол жұмсау деген жаман әдеттен арылуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Мен   достарымен  бала кезінде шыны ыдыстарды   жуып  дүкенге  тапсыратын едім. Мен, інім Қанат  екеуміз  көшеден шыны ыдыстарды жинап  жуып  жатсақ, совхоз  директордың  қызы  күліп  мазақтады.  Сен  мектеп  директордың  қызысың ғой не, ақша жоқпа – деп.  Есік алдында  газет оқып отырған  әкем,  қызым  «Еңбек етсең ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей»  деген Абай  атамыз. Олар  маған  көмектесіп  жатыр, ақша тауып – деп  күлді. Менің ойымша , әкемнің  ерекше адам болғандығы  сондай,  шыны  ыдыстарды   өткізуге  бара  жатқанда, үйге  кір  сабын, лампочка, кір  сода  ала келіңдер  дейді. Мен   сол кезде, ойлаймын   үйде  осы  заттардың  барлығы бар ғой, неге әкеліңдер дейді деп ренжейтінмін.  Бұл әкемнің  бала  тәрбиесіндегі  бір  әдісі екен, бала еңбектің  қадірін білуге және ақшаны  дұрыс  жерге  қолдануды  үйреткені болса  керек.

Аяулы әкемнің отбасында    еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық  тәрбиелеген.  Аяулы әкемнің отбасына  қойған мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болған.

Мен,інім Қанат мектепте бұзақылық  жасаса, тәрбие  жұмысының  орынбасары  әкемнің  кабинетіне апаратын. Сонда әкем екеумізге қарап тұрып, барыңдар  ойланыңдар, үйде  сөйлесеміз дейтін.Бұл жерде менің  ойымша  бізге өзінің кішкентай мәселелерін өзі шешуге дағдылансын деп үйреткен.Әкемнің    отбасындағы тәрбиесін, балалары мектепте  оқушыларына  қолданып келеді.Мен мектептегі оқушыларыма  өз  балаларына  қандай тәрбие берсем, мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі қолданып жүрмін. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан, оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлері (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.

Олар кітап оқуды, адамдармен ізгі қарым-қатынасты, еңбекқорлықты әкелерінен үйренген. Тіршіліктегі биік шыңдарға тек қана табандылықпен, қайсарлықпен қол жеткізуге болатындығын да түйсінген.

Асқар таудай әкеміз егер тірі болғанда үстіміздегі жылдың ақпан айында сексеннің бесеуіне көтерілер еді. Бірақ амал қанша, ол осыдан біраз жыл бұрын дүниеден өтті.

Осы әңгімемді  Ғ. Мұстафиннің «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат” деген сөзімен аяқтағым келеді . Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-ана мен мектептің оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болғанда ғана қазіргі бүлдіршіннен болашақта елінің даңқын асқақтатар азамат шығатынына кәміл сенемін!

              Қостанай обылысы, Әулиекөл ауданы Құсмұрын бекеті

№28 Құсмұрын орта мектебі. 

Ивышева Эльмира Кияковна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *