«Тіл – мемлекет  тәуелсіздігінің белгісі» атты өзге ұлт 5-10 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілінен ХІІІ республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 7-9 қаңтар аралығында Астана қаласы «Нұр Орда» лицей-мектебінде  «Тіл – мемлекет  тәуелсіздігінің белгісі» атты өзге ұлт 5-10 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілінен ХІІІ республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Павлодар облысынан ең жоғары ұпай алған 16 оқушы жіберілді, 15 оқушы жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 6 сынып оқушысы Шайфуллина Анель, Май ауданы, Малайсары орта мектебінің 8,9 сынып оқушылары Волкова Жанна және Яценко Алина, Екібастұз қаласы №7 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Безъязыкова Елена марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 5 сынып оқушысы Нургалиева Медина, Екібастұз қаласы №13 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Тынянова Вероника және Екібастұз қаласы  №7 гимназия-мектебі 9 сынып оқушысы Лебедева Софья иеленді.

ІІІ дәрежелі дипломмен Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы орта мектебінің  6 сынып оқушысы Жукова Ангелина, Екібастұз қаласы №5 ЖОББМ-нің 8-5 сынып оқушылары Черная Нина және Хайруллина  Зарема, Екібастұз қаласы №35 гимназия-мектебінің 7-9 сынып оқушылары Симонович Диана және Семенова Виктория, Екібастұз қаласы  №7 гимназия-мектебі 7 сынып оқушысы Галямова Фатима, Екібастұз қаласы  №6 лицей-мектебінің 6 сынып оқушылары Бруева Александра және Кузнецов Андрей  марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *