ҚАНЖЫҒАДА – ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР

Елімізде күннен-күнге білім сапасы даму үстінде. Ғылым мен білім жолында көптеген жаңалықтар ашылып, жетістіктерге қол жеткізудеміз. Сондай жетістіктер біздің лицейде де жоқ емес. Екібастұз қаласында орналасқан “Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған  көптілді лицей-интернаты – облысымыздағы алдыңғы қатарлы орта білім беретін оқу орындарының бірі.

Мектебіміздің ашылғанына көп уақыт өтпеді, соған қарамастан лицейдің  қалалық, облыстық, республикалық тіпті халықаралық дәрежедегі жетістіктері бар. Лицей 4 жылдық өмірінде тек қана білім жағынан емес спорт, өнер саласында да бірқатар жетістіктерге жетті.

Осы жаңа жылды мектебіміз жағымды жаңалықтармен қарсы алды. Жуырда Павлодар қаласында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 57-ші облыстық олимпиада өтті. Бұл жыл сайын болатын олимпиадаға 15 пән бойынша облыстың аудан-қалаларынан жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11сынып аралығында 676 оқушысы қатысып, мықтылары анықталды. Біздің лицейіміз де осы жарыстан жүлдемен оралды. Оқушыларымыз әр пән бойынша 13 жүлделі орын алды. Атап айтсақ, жүлделі бірінші орынды Валерий Воробьев (информатика) пен Абдульали Алмабек (биология), екінші орынды Арман Мысанов (информатика), Мұхамедияр Сайлаубаев (тарих), Серік Құрмашев (математика), Айтуар Төлегенов (биология), үшінші орынды Арғын Мысанов (ағылшын тілі), Алмас Токшалов (биология), Рамазан Балашов (биология), Жастілек Хуат (биология), Ұлан Балғабай (биология), Бақтияр Мұқаш (ағылшын тілі) және Даниял Ибраев (құқық) қанжығаларына байлап, түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар 4 оқушымыз Облыстық олимпиада құрамасына еніп, облысымыздың намысын республикалық олимпиадада қорғауға  жолдама алды. Айта кетерлік жағдай, өткен жылы оқушыларымыз осы олимпиададан тек 6 үшінші орынмен қайтқан еді. Лицейіміз жылдан жылға дамып жатқандығын нық сеніммен айта аламыз.

                                           Рүстем АСҚАРОВ, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының басшысы, Павлодар облысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *