ӨТКЕН ЖЫЛ ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ

Күні кеше ғана тарих қойнауына енген жыл Алматы энергетика және байланыс университеті үшін, оның ішінде, жылуэнергетика және жылутехника институтының жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасының оқытушы-профессорлары мен студенттері үшін де айтулы, айтарлықтай жаңалыққа толы, жемісті жыл болды.

12-19 декабрь 2018

Жылдың жылдық қорытындысы бойынша, Энергетика күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі университет профессоры – Рахымжан Орумбаевты «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапаттаса, кафедраның аға оқытушысы Арман Касимов энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Ал университет ректоры Сауле  Сагинтаева жылуэнергетика және жылутехника институты, жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттерін диплом және алғыс хаттармен марапаттады. Бұл марапаттаулар ұжым мен көпшіліктің ризашылығынан туындаған алғыстың нышаны деп есептеймін. Әрине көпшілік марапатына ие болу мен сол марапатқа лайық деп танылудың өзі ұстаздарға ерекше шабыт сыйлайды.

Ресейдің Екатеринбург қаласында 2000 жылдан бері өтіп келе жатқан Халықаралық олимпиада мен конференцияға біздің студенттер алғаш рет қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Яғни, Ресей Федерациясының Б. Ельцин атындағы Орал университетінде болған олимпиадада докторант және студенттер: А.Сейдалиева, В.Подымский, Е.Жекенов, Д.Искаков қатысқандары үшін сертификаттар мен үздік баяндама үшін дипломдармен, ал ғылыми жұмыс жетекшісі жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасының доценті М.Туманов алғыс хатпен марапатталды. Бұл – біздің университет үшін мақтануға тұрарлық және үлкен жетістік деп санаймыз.

Университетімізде жылуэнергетика мамандығы бойынша желтоқсан айының басында өткен «Жылутехника теориялық негіздері» пәнінен Республикалық «Самұрық Энерго» олимпиада қорытындысы бойынша, студенттер А.Мин бірінші дәрежелі дипломмен және М.Бейсенбаев екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

.Совет 25.12.2018 профессор ТЭУ Орумбаев Р.К

Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасының қандай бір жетістігі – ол кафедра меңгерушісі А.Кибарин және ұжымның ынтымақтаса бірлескен жемісті жұмыстарының арқасында ғана қол жеткен жетістік. Сондай-ақ, институт директоры Б.Төрепашқызының да үлесі аз емес. Қандай нәрсе  болмасын, институт директорымен  кеңесіп, келісіліп, шешіліп отырады.

Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарға бірге қол жеткізіп, ұжыммен бірге алда талай белестерді бағындырамыз деген сенімдеміз.

Гүлмира ӘКIМБЕК, Жылуэнергетика және жылутехника институты,

Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *