2018 жылы өткізілген іс-шаралар.

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған…» атты  Сазгер Болат Хамзинді еске алу  кеші өтті. Кешке Оспан қожа әуле мешітінің наиб имамы Хасенов Аян Сәбитбекұлы, «Біздің Торғай» газетінің тілшісі Байбатыр Ахметбеков, Ішкі саясат бөлімінен  Сауле Бақытқызы қонақтар шақырылды. Сазгер Болат Хамзиннің өмірі жайлы баяндама мен бейнедеректер арқылы мәліметтер берілді. Кеш соңында интернатта тәрбиеленушілерге  аудан кәсіпкері Надим Асхаттың демеушілігімен дастархан жайылып, құран бағышталды.  

Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымы мен оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз – халықаралық аналар күніне орай , нәзік жанды аналарымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында   «Мәңгі жарық күн сыйлаған маған…» атты құттықтау концерт ұйымдастырылды. Іс-шара үш бөлімнен құрылды.
29 сәуір – халықаралық хореография күніне орай Н. Ахметбеков атындағы  мәдениет үйінде « Би әлемінде» атты би бөлімінің оқушыларының есеп беру концерті өтті.Бұнда би бөлімінің барлық 97 оқушысы қамтылып, әр ұлттың 15 би түрлерін биледі. Қазақ биі, Кантри биі, Испан биі, Балалық щақпен қоштасу т.б билер биленді.Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады.
1ым2янный
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті сазгер, «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» Болат Хамзин атындағы өнер мектебінде апталық өтті.    «Біз ұрпақпыз арманға асық, таңға асық…» «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында өнер әлеміне құлаш сермеген сазгер , дирижер , сан қилы өнер иесі Болат Хамзиннің  80 жылдығына арналған дөңгелек үстөлі өтті. Сазгердің қызы, Астана қаласындағы Корея мәдениет орталығының және Б. Хамзин атындағы қоғамдық қордың жетекшісі Ләззат Хамзинаның осы кешкеарнап түсірілген еске алу бейнеролигі көрсетілді. Нұр Отан партиясының аудандық филиалының төрағасы, ақын Ғабит Көдебайұлының , аудандық мәдениет үйінің директоры, сазгердің қызы Гүлзат Хамзинаның, аудандық Торғай мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Құлетқызының , аудандық мәдениет үйінде Болат ағамызбен қызметтес болған, «Қазына» сыйлығының иегері, сазгер әндерін  насихаттаушы әнші Сапура Қабжелелқызының сазгер ағамыздың өмірінен алынған құнды естеліктері көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Кешіміздің құрметті қонағы, аудан әкімінің орынбасы Бақытжан Қуанышбекұлы сазгердін атындағы өнер мектебінің осы кезге дейінгі жеткен жетістіктерін айта кетіп, мектеп ұжымының болашақтағы шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі .
Сондай ақ мектебіміздің бейнелеу өнері бөлімінің оқушылары мен ұстаздары бірігіп жасаған сазгердің бейнесін бейнелеген Панно, мүсін, мозайкадан көрме жасалды. Кеш соңында  келген қонақтар мектеп алаңына ағаштар отырғызыды. Апта соңында аудандық мұражайдағы сазгер Болат Хамзиннің бөлмесіне мектеп оқушылары мен интернат тәрбиеленушілері барып экскурсия жасады.

Жылдағы дәстүр бойынша, дарынды, талантты оқушыларды анықтау мақсатында 14 –ші аудандық «Таланттарды іздейміз» атты ән байқауы өтті.    Бірінші айналымда сазгердің әндерін орындаса, екінші әндері еркін тақырыпта айтты
Нәтижесінде жүлделі 1 орынды Қ. Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Марат Гүлім иеленді.  Жүлделі орын алған қатысушыларымызға арнайы тағайындалған статуеткаларды келесі күні кең көлемде өткен сазгер Болат Хамзиннің «Орамал қалды ән болып…» атты еске алу кешінде аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы арнайы табыстады.
7ым2янныйОқу жылын қорытындылау мақсатында Н. Ахметбеков  атындағы өнер мектебі оқушыларының жылдық есеп беру концерті өтті. Онда мектебіміздің барлық бөлімдерінің оқушылары ән, домбыра, қобыз, би жанрлары бойынша өнер көрсетіп көрермендерді тағы да тәнті етті. Сонымен қатар Амангелді, Қаратүбек орта мектептері жанынан ашылған ән-хор, добыра үйірмелерінің тәрбиеленушілері де өнерлерін ортаға салды. Мәдениет үйінің кіре беріс залында бейнелеу өнері бөлімі оқушыларының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Концерт соңында мектеп директоры Жанар Асанқанқызы мектеп бітіруші түлектерге куәлік пен арнайы жасалынған ескерткіш фото буклеттерді табыстады және мектеппен тығыз байланыс жасап, үнемі қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарды марапаттады.
Биылғы жылы мектеп кітапханасында «Кітап – білім бұлағы » атты акция өтіп,кітап қоры ата- аналардың демеушілігімен 300 кітапқа толтырылды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне, Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында мектебіміздің оқушысы, бірнеше ән байқауларының жеңімпазы, Алтынай Жаңабайдың «Балалық шақ, балғын шақ» атты шығармашылық ән кеші  өтті. Онда Алтынай өнердегі ұстаздары, достарымен және анасымен қосылып ән шырқап, өнерімен көрерменді тәнті етті.  Кеш соңында Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Қонысбай Сапабекұлы, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсем Досмағанбетова және мектеп директоры Ж.Шалабай  құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтар табыс етті.
1 қазан- қарттар мерекесіне орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Б. Хамзин атындағы өнер мектебінде мәдениет ісінің үздігі , халықаралық байқаулардың лауреаты Ырысты Ерденқызымен «Қызы ғой олда Торғайдың» атты сыр сұхбат өтті. Мектеп оқушылары қонаққа сауалдар қойып, тұщымды жауап алды. Кеш соңында аталмыш мектептің директоры сөз сөйлеп, бейнелеу өнері бөлімінің оқушыларының қолдан жасаған бұйымдарын сыйға тартты.
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай хореография бөлімінің мұғалімі, жас маман Сымбат Ерік «Жырлаймын ұстаз, өзіңді» атты әдеби-музыкалық монтаж ұйымдастырды. Онда оқушылар жырдан шашу, әсем әуен мен мың бұралған биден мерекелік шашау жолдады. Мектеп мұғалімдеріне арнайы сұрақтар қойылып, тренинг ойындар өткізілді. Кеш соңында мектеп директоры Жанар Асанқанқызы мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап, би бөлімі оқушыларына алғысын білдірді.

Ұстаздардың төл мерекесіне орай
мектебіміздің хореография бөлімінің
мұғалімі  Алимбаева Жанат Абдысалыковна
Қостанай облысы әкімінің
«Ұлағат» сыйлығымен
/Премия/ марапатталды .
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай
Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Болат Хамзин атындағы өнер мектебі мұғалімдері мен оқушыларының ұйымдастырумен мерекелік концерт өтті.  Концертте Елбасының орындайтын сүйікті әндері мен Елбасының сөзіне жазылған әндер шырқалды. Қазақ  ұлт аспаптар оркестрі мен «Дала сазы» ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындалған Құрманғазының, Н. Тілендиевтің күйлері мен халық әндері көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді .
«Балалық шағымның аспаны» атты Елбасына арнап түсірген фильмнің желісі бойынша қысқа көрініс көрсетіліп, Елбасының бала кезгі ролін Ниязбек Таңжарық өте жақсы сомдап шықты, Мектебіміздің биші,  әнші оқушылары концерт шырайын одан әрі аша түсті. Концерт соңында «Жігер»  вокалды  инструменталды ансамблды ансамблінің сүйемелдеуімен Елбасының сөзіне жазылған «Жерім менің» әні шырқалды. Риза болған көрермен ыстық ықыластарын орындарынан тұрып қол шапалақтаумен білдірді.
Сонымен қатар, мәдениет үйінің фоесінде бейнелеу өнері бөлімінің оқушыларының  мерекеге арналған    жұмыстары қойылған көрме өтті. Көрмеде  Қуанышбек Айшаның қол өнерден «Мақтанышым – жас қалам» атты панно жұмысы,  Ақансері Ақеркенің «Жайлауда», Амандық Нұрсаяның «Ақорда» макеттері, Бейсен Айкүмістің «Табиғат» атты жұмыстары тақырыпты аш түсті.
Қатысқан адам саны: 63
Жангелдин ауданының ішкі саясаты бөлімінің тапсырмасысмен,Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұйымдастырумен 12 желтоқсан күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, келешек ұрпақты қазақ ұлттық өнерінің ерешектілігімен таныстыру, оның халықтық салт тұрмысында алатын орнының қаншалықты маңызды екенін ұғындыру, төл мәдениетімізді қастерлеуге баулу, қол өнершілердің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Шебердің қолы ортақ» атты кездесу кеші өтті.
Кештің қадірлі қадірлі қонақтары зейнеткер, аяулы анамыз, шебер Ақжібек апай, Рәзия апай, Клара апай. Атадан қалған асыл істің шырайын келтіріп жүрген Радик Гизатуллин, Тайғара Ғабдырашұлы қолдарынан шыққан бұйымдарының жасау жолдарымен таныстырып, қол өнер шеберлерінің жаңа үлгідегі жұмыстары слаид арқылы жастарға ұсынылып, көрсетілді.
Бейнелеу өнері бөлімінің 4 сынып оқушысы, облыстық байқаулардың жүлдегері Қуанышбек Айша Панно тоқу әдісі бойынша шебер сабақ көрсетіп, ата әжелерінен батасын алды.
7ым8ный
Мектебіміздің домбыра бөлімінің мұғалімі Қожасағиев Байдос пен жас ұстаз Дзюба Жамал әсем ән мен күмбірлеген күйді нақышына келтірді. Кешімізге арнайы шақырылған ішкі саясат бөлімінің жас маманы Олжас Амантайұлы мен Аудандық Біздің Торғай газетінің тілшісі Байбатыр Ниязбекұлы сөз сөйлеп, кештен алған әсерлерімен бөлісті.
Кеш соңында мектеп директоры Жанар Асанханқызы шақырылған қонақтарға рахметін айтып, жылы лебізін білдірді.

2018 жылдағы мектеп оқушылары мен ұстаздарының жеткен жетістіктері:

  1. 2018 жыл өнерпаз хореографияляқ ұжымдар арасындағы «Армандастар» байқауы «Алау» театры І орын;
  2. 2018 жыл өнерпаз хореографияляқ ұжымдар арасындағы «Армандастар» байқауы «Еркеназ» би ұжымы, «Ең үздік ұлттық биін орындаушы» номинациясы ;
  3. Қуанышбек Айша. 2018 жыл «Шексіз әлем – Қазақстан балалары» атты облыстық видеоролик байқауы ІІІ орын;
  4. Қалабайқызы Перизат. 2018 жыл Республикалық «Ақ берен» байқауының ІІІ орын иегері;
  5. Жаңабай Алтынай. 2018 жыл халықаралық вокалистердің «Алтын Микрофон» байқауы ІІ орын.
  6. Қалабай Перизат. 2018 жыл «Byrabai Sammer Fest» шығармашылық облыстық фестивалінің I орын иегері.
  7. Қуанышбек Аружан, Ерік Сымбат. 2018ж. Х Республикалық «Жырлайды жүрек» атты жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауының «Би » номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕГЕРІ.
  8. Ақтас Гүлсезім . 2018ж. Х Республикалық «Жырлайды жүрек» атты жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауының «Бейнелеу өнері » номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕГЕРІ.
  9. Кәдірбек Жұлдыз.  2018ж. Х Республикалық «Жырлайды жүрек» атты жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауының «Бейнелеу өнері » номинациясы бойынша І орын.
  10. Әубәкір Нұртілек. 2018 жыл «Byrabai Sammer Fest» шығармашылық облыстық фестивалінің «Көркем сөз» номинациясы бойынша II орын иегері.
  11. Әбдікәрім Мирас. 2018 жыл халықаралық вокалистердің «Алтын Микрофон» байқауы І орын.
  12. Домбырашы ұстаз ҚР, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Абай Әмірхановтың 55  жыл толуына арналған облыстық «Ғасырлар пернесі» ұлт аспаптар ансамбілдері фестивалінде мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларынан құралған «Дала сазы» ансамбіліҮздік өнер көрсеткені үшін Қостанай облыстық мәдениет басқармасы басшысы Е. Қалмақовтың алғыс хатымен марапатталды.

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі»КММ оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсенгельдина Гульдана Койшиевна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *