АҚТАУДА ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жылды зияткерлік мектептердің дәстүрлі желілік спартакиадасын өткізумен қорытындылады. Желтоқсанның 22-23-і күндері Атырау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларындағы мектептердің қызметкерлерінің басын қосқан сайыс Тәуелсіздік мерекесін ұлықтаку мақсатында ұйымдастырылды. Құрама командалар футбол, волейбол, дартс, шахмат, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен жарысты.

C73qHlfe1PA.jpg

Спартакиаданың салтанатты ашылуына қатысқан мектеп директоры Ермек Пайзов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұжымының басын қосып, бірлігін арттыратын спартакиадалардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

jSjy_EtmXiI.jpg

Ақтау қаласындағы зияткерлік мектеп алғаш рет желілік спартакиаданы ұйымдастырып отыр. Сол себепті атсалысқан барша әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз, – деді Ермек Серікұлы.

 

NntY2bN8i-M.jpgСайыстың алғашқы күні құрама командалар волейбол, дартс, шахмат, үстел теннисінен бақ сынаса, екінші күні командалар футбол ойынымен жарысты.

Bx-UC3IjoJQ.jpg

– Киелі Маңғыстау жерінде өткен спартакиадаға қатысқанымызға шын жүректен қуаныштымын. Мұндай сайыстар еліміздің әр қиырындағы әріптестердің басын қосып, ынтымақтастығын арттырып, тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік. Дене шынықтырып қана қоймай, командада жұмыс істеу қабілеттеріміз шыңдала түсті, – дейді Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторы Гүлнар Сержанова спартакиада жайында.

nZJ1_UPp6jU.jpg

Екі күнге созылған сайыс нәтижесінде волейбол мен шахматтан Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы үздік нәтиже көрсетсе, дартстан Шымкент қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы жеңімпаз атанды. Ал футбол мен үстел теннисінің үздігі Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы болды.

E-slxvg3ACU.jpg

Спартакиада үздік ойын көрсеткен қатысушылар да жекелей марапатталды. Волейбол ойынында «Үздік қорғаушы» номинациясымен Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Бактияр Сапаргалиев марапатталса, Орал қаласындағы зияткерлік мектептен Асылан Исмагулов «Үздік байланыстырушы», Шымкент қаласындағы зияткерлік мектептен Владислав Вепрев «Үздік ойыншы», ал Тағабек Романқұлов «Үздік шабуылдаушы» атанды.

kmtxVtaQ0bM.jpg

Жарыстың ең қызықты бөілімі футбол жарысы болды. Қатысушылар алаңда әдемі ойын көрсетіп, жанкүйерлер мен көрермендер керемет қолдау көрсетті. Жарыс нәтижесінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Тұрғанбай Мұсаханов «Үздік қорғаушы» атанса, Асхат Арыстанов «Үздік ойыншы», ал Темірлан Аюпов «Үздік қақпашы», Шымкент қаласындағы зияткерлік мектептің ұстазы Тохтар Қырықбаев «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды.

3sLi1EOycpI.jpg

Дартстан «Үздік мерген» номинациясын Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Балжан Алтынбекова мен Орал қаласындағы зияткерлік мектебінің мұғалімі Абзал Ақмұханов жеңіп алды.

1FOVPWNWWV8.jpg

Жалпыкомандалық есепте Ақтау қаласындағы зияткерілк мектеп ұжымы спартакиада кубогына иеленсе, Орал қаласындағы Зияткерлік мектеп ұжымы екінші орынмен марапатталды. Ал Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшінші орынға лайықты деп танылды.

nT9cD8v4fKM.jpg

Сайыс соңында ұйымдастырушылар құрама команда жетекшілеріне Маңғыстау облыстық Спорт басқармасының алғыс хатын табыс етті.

Ақтау қаласындағы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *