Тарихи сананы жаңғырту басты бағдар

Бибігүл Айтбайқызы Касбакова,

Алматы қаласы

 №141 жалпы білім беретін мектеп директорының

оқу ісі  жөніндегі орынбасары

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын жаңа еңбегі оның 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы болып табылатыны даусыз. Мемлекет басшысының биылғы мақаласы қазақ елінің тарихи-рухани дамуына орасан зор септігін тигізбек. Өйткені, Мемлекет басшысы бұл еңбегінде де Ұлы даланың тарихына, руханиятына қатысты бірнеше жобаларды ұсынып отыр. Елбасының мақаласы Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, жас ұрпақтың болашағын ойлауға ой салады.
Бибігүл
Елбасы осы еңбегінде тарихи сананы жаңғыртуды өзек етіп алып, бұл бойынша бірнеше рухани жобаларды ұсынып отыр. Алдымен «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасап, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың өз еліміздегі және шет елдердегі ірі архивтермен ұзақ мерзімді байланыстарын қалыптастыру арқылы Ұлы далаға қатысты тарихи деректерді зерттеу және жинастыру, оларды цифрлы форматқа көшіру назарға алынады. Бұл арада мектеп оқышыларын отаншылдыққа тәрбиелеу үшін мектептерде тарихи-өлкетану қозғалыстарын өрістеу қажеттілігі туындайды. Екіншіден, Ұлы даланың Әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Әз-Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай сияқты ұлы тұлғалары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу үшін «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар мен ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу, «Ұлы дала тұлғалары» ғылыми-көпшілік серияларын шығару, «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу уақыт талабына айналып отыр.  Сондай-ақ классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні бар екені аталып, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тарту керектігі айтылды. Мұның бәрі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған жаңа жобалары. Ұлы даланың ұлылығын ұрпақ санасына сіңіріп, одан әрі әлемге танытуда бұл жобалардың маңызы зор.
Бұл шараларды жүзеге асыруға атсалысу мектептер мен жоғары оқу орындарына да зор міндеттер жүктейтіні белгілі. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыратын әрі толықтыратын «Ұлы даланың жеті қырына» біздің мектептің оқытушылар құрамы мен оқушыларымыз да белсене атсалысатынына сенімдімін. Қысқасы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегін оқи отырып, оның халқымыздың тарихына, мәдениеті мен руханиятына, болашағына деген жанашырлығына, патриоттығына таң қалмау мүмкін емес. Елінің жоғын жоқтап, тарихын түгендеп, ұрпағының қамын ойлаған Елбасына білім саласындағы ұстаздар қауымының ризашылығы шексіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *